Бүгін Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығы су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың балаларына жөргек пен киім-кешек таратты. Орталыққа қажетті заттарды облыстағы қиын жағдайға бейжай қарамайтын өңір тұрғындары әкелген. Және гуманитарлық көмектен жиналған.


Бүгін орталыққа Заречный кентінің тұрғыны, көпбалала ана- Күлбаршын Михайлова да келді. Тасқын су келе жатқанын естіген соң бірден киім-кешексіз үйімізден шығып кеттік дейді ол. Жалпы жастар ресурстық орталығы мен «Помощь рядом» волонтерлар ұйымы облыста су тасқыны басталғалы бөгеттерді нығайтуға да көмектесіп, тұрғындарға гуманитарлық көмек таратып жүр. Бүгінгі күннің өзінде қиын жағдайға тап болған 15отбасыға қажетті киім-кешек үлестірді.


КҮЛБАРШЫН МИХАЙЛОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ?

- Менің 4 балам бар. Ең кішкентайым 5 айлық. Біз судың келе жатқанын естсімен ештеңе алмастан үйімізден шығып кеттік. Балаларымның киімдері де барлығы қалып қойды. Қазір анамның бір бөлмелі үйінде тұрып жатырмын. Бізге жөргекпен де киіммен де көмектесіп жатқан жандарға алғыс айтамын.