Қазақстанда профилактикалық екпе егудің ұлттық күнтізбесі өзгертілді. Ескі күнтізбе бойынша 11 жұқпалы ауруға қарсы вакцинация жүргізілсе енді жаңа күнтізбеде 13 жұқпалы ауруға қарсы екпе егілетін болады. Жалпы Қазақстанда жыл сайын шамамен 5 млн адам оның ішінде 1 млн 300 мың бала жоспарлы вакцинасиядан өтеді. Оған Республикалық бюджеттен 30 млрд теңге бөлінеді.


Мамандардың айтуынша , ҚР екпе егу күнтізбесі үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда тіркелген инфекциялардың статистикасына сүйеніп күнтізбені үнемі қайта қарайтын болады.


АРМАН КҮШБАСОВ, СҚО САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Жаңа күтізбеДе ДДСҰ ұсынысына сәйкес 6 жаста туберкулезға қарсы жасалатын вакцинация алынып тасталды және 11 жастағы қыздарға адам папилломавирусына қарсы вакцинация енгізілді. Сондай ақ 2 жастағы балаларға арналған гепатит А вирусына қарсы екпе алу қосылды.Себебі , аурудың бұл түрі республикамызда өршіп тұр. Өткен жылы А гепатитімен сырқаттану алты есеге өсті. Біздің облыста гепатитінің бес жағдайы тіркелген. Барлығы Петропавл тұрғындарында анықталған.