Петропавл қаласы бойынша су тасқынынан зардап шеккен 1859 адам қазіргі уақытта бірретік әлеуметтік төлемге өтінім берген. Олардың 1131-іне 417,6 млн теңге мөлшерінде ақша алды. Айта кетейік, жалпы облыс орталығында табиғи апат салдарынан 1939 үй су астында қалған болатын.


Тасқын судан зардап шегушілердің бірі – Елена Косякина. Ол жолдасы екеуі Ойқала ықшам ауданында былтыр ғана жаңадан үй салған. Табиғи апат салдарынан жаңа баспанаға кірген судың биіктігі 1 жарым метрге жетті.


ЕЛЕНА КОСЯКИНА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Әлеуметтік төлемге өтініш қалдырдым. Қазір баламыздың үйінде тұрып жатырмыз. Квадрокоптердан үйімізді көрсетті. Қақпа ашық жатыр. Барлық құжаттарымды алып үлгердім.


Өткен аптадан бастап зардап шегушілерден әлеуметтік төлемге өтінімдер қабылдана бастады. Қазіргі уақытта Петропавл бойынша су тасқынынан зардап шеккен 1859 адам біржолғы төлемге өтініш берген. Олардың 1131-і 100 АЕК көлемінде жалпы 417,6 млн теңге көмек алды.


ДАНИЯР АСЫЛБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Өтініштер қабылданып жатыр. Өтініштер беру үшін Театральная 36 көшесіндегі біздің ғимаратқа келуі керек. Өтініш жазу үшін өз жеке тұлғаның куәландыратын куәлігі, жеке мүлікті растайтын құжат керек. Және банк шоты керек.


Айта кетейік, Петропавл қаласы бойынша 1939 үй су астында қалған. Облыс тұрғындарына бірреттік төлемге жалпы 724 млн теңге бөлінген.