Су тасқынынан зардап шеккендерге дрондармен де гуманитарлық көмек жеткізіле бастады. Құрылғы 10 шақырым радиуста салмағы 30-40 келі жүкті көтере алады. Күніне 100 рейс орындауға қуаты жетеді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті. Ал Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше қазір 32 елдімекен көлік қатынасынсыз қалған.