Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға Ингушетия Республикасы 20 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Бұл жүк «Радуга» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоймасына түсірілді. Тұрмысқа керекті заттар кейін мұқтаж жандарға таратылмақ.


Ингушетия Республикасынан келген гуманитарлық көмек эвакуациялық пункттерде таратылатын болады. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында бұл заттар тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға табысталады. Жүк көлігімен дәрі-дәрмекке дейін жеткізілген.


ДЖАМБУЛАТ ТАНГИЕВ, ҚХА КӘСІПКЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:

- Біраз қорқыныш болды. Себебі алыс жолдан келе жатқандықтан заттар Петропавлға қалай жетеді, шекараны өтер кезде қиындықтар болмай ма? Жол қалай болады екен деп уайымдаған болатынбыз. Бірақ бәрі жақсы қазір міне түсіріп жатырмыз, көмегіміз зардап шеккен отбасыларға жетсе болды. Бұл жүктің осы жаққа келуінің басты себепкерлері мен және Сұлтан Гадзиев. Сондай -ақ Ингуш-Шешен мәдени орталығы мен Маңғыстаудың ҚХА.


Гуманитарлық көмекті түсіруге Ұлттық Ұлан академиясының 30 сарбазы жұмылдырылды. Осы уақытқа дейін көліктерден жүкті түсіріп, эвакуациялық пунктерге жеткізуге облыс бойынша 1200ден астам волонтер да көмектесіп жатыр.


СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, СҚО ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ЕРІКТІСІ:

- Жалпы СҚО ҚХА атынан осы қиын кезде бізге бірінші күннен көмектескен барлық тұрғынға алғысымызды айтамыз. Басқа елдерденде көмек келіп жатыр. Барлығы осы жағдайды көріп өздерінің қолдауын білдіріп жатыр. Су ғана емес төсектерде бар. Сондықтан барлығына алғысымызды білдіреміз.


Зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек әлі де жеткізіліп жатыр.