Петропавлдағы су басқан аймақтарда күн сайын жүзден астам полиция қызметкері кезекшілік атқарып жүр. Полицейлермен бірге құтқарушылар мен әскери қызметшілер де иық тіресе тынбай қызмет атқарып жүр. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.


Петропавл қаласының Ойқала ықшам ауданы мен басқа да аудандарында судың деңгейі төмендегенімен, полиция қызметкерлері тәртіпті қадағалауды жалғастырып жатыр.


 Қазіргі уақытта бұл жерлерде коммуналдық қызметтер жұмыс істеп жатыр. Олар су басқан көшелерді қоқыстан тазартуда. Тұрғындар баспаналары мен маңайдағы қора-қопсыларын тексеріп жүр. Олардың әрбір қимылын полиция қызметкерлері бақылайды. Бұл маңға келген барлық автокөліктер тексеріледі. Жергілікті тұрғындар су басқан жерлерге тек билік өкілдерімен бірге ғана өте алады. Адамдар мұндай мәжбүрлі шектеу шараларына түсіністікпен қарайды.


Надежда Макаренко, Ойқала ықшам ауданының тұрғыны:

- Келген сайын полиция қызметкерлерін көремін. Әр жерде жасақтар жүргендіктен ешқандай ұрлық жасалмады. Олар да бізге түсіністікпен қарайды


Тәртіп сақшылары патрульдеуді қайықпен де, жаяу да жүргізіп жатыр. Мақсат – ұрлыққа жол бермеу, құқықтық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Полицейлер екі ауысымда тәулік бойы қызмет атқармақ.


Талғат Ауғалиев, Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы:

- Мұнда күн сайын күні-түні қоғамдық тәртіпті сақтап, патрульдеуді тоқтатпаймыз. Қайықпен шығып күзетеміз. Су кеткен жерлерде жаяу жасақтарымыз жүреді. Сондықтан тонау фактілеріне жол бермейміз.


 Шағын аудандағы тәртіпті қадағалауға Петропавл қ. полиция басқармасы мен СҚО полиция департаментінің 145 қызметкері жұмылдырылған. Полицейлермен бірге құтқарушылар мен әскери қызметшілер де иық тіресе тынбай қызмет атқары