Өңірде өрт қауіпті кезең басталды. Мамандардың болжамы бойынша ауру райының ыстық болуына байланысты биыл өрттің шығуы жиілемек. Дегенмен қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтасақ, апаттың алдын алуға болады. Бұл туралы облыстық ТЖД мамандары өңірлік коммуникациялар алаңында айтты.


Өткен демалыс күндері елімізде күн күрт жылып, кей өңірлердегі ауа температурасы 29 градусқа дейін жетті. Мамандар бұл көрсеткіш жылдағыдан жоғары дейді. Алдағы мамыр-маусым айларының болжамына сәйкес орташа ауа температурасы климаттық нормадан бірнеше градусқа арттық болмақ.


ҚЫМБАТ МЕРҒАЛИМОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Мамыр айынан бастап өрт шығу қаупі жоғарылайды. Орташа есеппен алдағы айда ауа температурасы 15-16 градус шамасында болмақ. Бұл әдеттегіден екі градусқа жоғары. Ал жауын-шашын мөлшері қалыпты деңгейде не одан аз болады деп болжанып отыр.


Бүгінде өрттің алдан алу мақсатында біршама жұмыс қолға алынған. Профилактикалық рейдтер жүргізуге арналған 40 жедел мобильді топ құрылды.


ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- 8 сәуір өрт қауіпі жоғары маусым басталды. 18 сәуір күні Мамлют ауданыныда жалпы ауданы 2 гектардан асатын қамыс өртенді. Жылда көктемнен бастап өрт саны артады. Сондықтан тұрғындарды мейлінше мұқият болуға, өрт қауіпсіздік ережелерін сакқтауға шақырамыз.


Еске сала кетейік, жыл басынан бері облыс аумағында 100-ден астам өрт тіркелді. Шығын 50 млн теңгеден асады. Салдарынан 13 адам қаза тауып, 23-і жарақаттанған.