Петропавлда жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық іс-шарасына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, кәсіпорындар, ұйымдар мен қала тұрғындары қатысты. Сенбілікке аймақ басшысы Ғауез Нұрмұүхамбетов пен қала әкімі Серік Мұхамедиев те ат салысты. Аумақтарды жинау және абаттандыру 3 айлық аясында жүргізіледі.


Петропавлдағы ауқымды жалпықалалық сенбілікке жиналып, тер төккендердің қарасы қалың. Қала көшелерін қоқыстан тазартуға мыңдаған қала тұрғындары, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен қоғам белсенділері шықты. Тазалық шарасына облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те қатысты.


Облыс орталығындағы маңызды орындардың бірі - ауған соғысы жауынгерлеріне арналған саябақ. Аталмыш алаңды ретке келтіруге шыққандардың бірі облыстық мәслихат депутаты Юлия Пронина.


Юлия Пронина, облыстық мәслихат депутаты:

- Жалпықалалық сенбілік өте маңызды шара және бұл шараға үлес қосу әрқайсымыздың азаматтық борышымыз деп санаймын. Ауған соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіштің жанындағы алаңды тазартып жатырмыз. Бұл жер таза және жайлы болу керек. Біз қолдан келгенше өз күіміщбен барлық аумақты тазартып жатырмыз. Сенбілікке бүкіл қала бойынша тұрғындар өз үлестерін қосуда.


Әкімдік өкілдері де игі іске білек сыбана кірісіп кетті. Саябақ қоқыстан тазартылып, өткен жылдан қалған қураған шөп пен жапырақтар жиналды. Сенбілікте кәсіпорын мен түрлі ұйым қызметкерлері де ат салысты.


Дәурен Жүсіпов, облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы:

- Кәсіпорындар мен банктерге де сенбілік өткізіп жатқанымызды хабарладық. Бұл бірінші сенбілік емес. Сенбіліктер апта сайын абаттандыру бойынша үш айлық шеңберінде өткізілетін болады. Бизнес субъектілеріне жақын аумақты тазалау, қоршауларды, баспалдақтарды бояу ұсынылды.


Тазалық шарасынан қала әкімі Серік Мұхамедиев те қалыс қалмады. Шаһар басшысы көктемгі су тасқыны салдарын жойып, қаланы ретке келтіру үшін көп жұмыс істеу керек екенін атап өтті. Су басқан аудандардың көптеген тұрғындары баспанасыз қалды, оларға барлық қолдау мен көмек көрсетіледі.


Серік Мұхамедиев, Петропавл қаласының әкімі:

- Қалада орын алған барлық мәселені орындайтын боламыз. Үйлерді қалпына келтіреміз. Қалпына келтіру мүмкін болмаса,тұрғындарға жаңа тұрғын үй береміз. Барлық мәселені бірге жеңеміз, бірге шешеміз деп ойлаймын. Бүгін сенбілікке қатысқан барлық азаматтарға рахмет айтқым келеді. Қаламызды тазалықта ұстау керекпіз.


Сенбілік бүкіл қала бойынша саябақтар, көшелер мен аулалардың қызу жүрді. Петропавлдағы мұндай іс-шара қала тұрғындарының бірлігі мен ауызбіршілігін тағы бір мәрте көрсетті.


Алмас Сейітов, СҚО әкімі аппаратының сектор меңгерушісі:

- Бүгін Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, сенбілікке шықтық. Басты мақсат - қаланы тазарту. Қазір бұл аса маңызды шаралардың бірі. Себебі, су тасқынының салдарын жою қажет. Қаланы қалпына келтіру қажет. Сондықтан, барлық қала тұрғындары да бұл бастаманы қолдап, жалғастыруда.


Қала әкімінің сөзінше, жарияланған 3 айлық аясында сенбіліктер апта сайын өткізілетін болады. Айта кетейік, тазалық шарасына 6000 мыңнан астам адам қатысыпы, 500 тонна қоқыс жиналд