Өңір жұртшылығы тасқын сумен бір кісідей күресіп жатыр. Біреуі волонтерлік көмек көрсетсе, енді бірі мұқтаж жандарға киім-кешек, азық-түлік сынды керек заттарды жеткізіп беруде. Мұндай игі істен Петропавлдың шаштараздары да қалыс қалмады. Бүгін олар Ескендір Дауытов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінің студенттеріне салынған жатақханаға барып, сол жерге орналасқан адамдардың шашын тегін алып берді.


Шаштараздар да тасқын судан зардап шеккен жандарға қол ұшын созуда. Қайырымдылық іске 15 маман қатысып отыр. Солардың қатарында Мария Абраменкода бар. Ол әмбебап маман. Айтуынша , ол қайырымдылық істерден шет қалмайды.


МАРИЯ АБРАМЕНКО, ШАШТАРАЗ:

- Біз Петропавл қаласының шаштараздары бүгін арнайы топ болып су тасқынынан зардап шеккен жандарға қолымыздан келгенше көмектесіп жатырмыз. Мен өзімде бұған дейін осыған ұқсас қайырымдылық іс-шараларға қатысқан болатынмын.


Ақмарал Рүстемова Заречный кентінде тұрған. Оның да баспанасы суға кетті. Бұл жатақханаға өткен аптада келіп орналасқан. Бүгін ол да мамандардың қызметіне жүгінді.


АҚМАРАЛ РҮСТЕМОВА, ЗАРЕЧНЫЙ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мыңда бір рахмет айтамын көмектесміп жатқандарына. Өзімізгеде қиын болып отыр.Қайда барамыз , қайда тұрамыз деп. 10 нан бастап бірінші 10 шы мектепте болдық. Одан кейін екінші мектепте болдық одан кейін енді осында келіп отырмыз. 


Петропавлдың шаштараздары басқа да эвакопунктерге барып, өз қызметтерін тегін ұсынбақ.