Петропавлға 21 сәуір күні Алматы қаласындағы Қазақстан-Ресей медицина университетінің дәрігерлері келді. Білікті мамандар бір апта бойы облыс орталығында болып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға тегін қызмет көрсетеді. Айта кетейік, университет дәрігерлері мұндай игі істермен 2009 жылдан бастап айналасып келеді.


Дәрігерлер өз көліктерімен және құрал-жабдықтарымен өңірлерді аралап, қызмет көрсетіп жатыр. Қазақстан-Ресей медицина университетінің мамандары бұған дейін Қостанай қаласында болған.


АЛЕКСАНДР ВДОВЦЕВ, ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ЖЫЛЖЫМАЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕШЕНІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

- Петропавлда 2-ші күн жұмыс істеп жатырмыз. Кеше көп тұрғын психолог және психиатрдың көмегіне жүгінді. Ал, бір әйел инфакрт алуға сәл қалып, қиын жағдайда келді. Оны ауруханаға жатқыздық. Қазіргі таңда 50-ден астам АДАМ рентгеннен өтті. Мұнда 1 апта болуды жоспарлап отырмыз. Бірақ, облыстағы барлық эвопункттерге барамыз.


Қазір эвакопунткте 8 дәрігер яғни, кардиолог, рентгенолог, узи маманы, офтальмолог, лор, психолог және психиатр секілді мамандар жұмыс істеп жатыр. Су басқан Хром зауыт ауданының тұрғыны Юрий Голоуздің айтуынша, бұл зардап шеккен адамдар үшін өте ыңғайлы.


ЮРИЙ ГОЛОУЗ, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Кеше бізге дәрігерлер келді, флюраграфиядан өттім. Сондай-ақ, көзімді тескерттім. Көзілдіріктің рецептісін жазып берді. Жексенбі жұмыс күні болса да, дәрігерлер бізді емдеп, тексеріп жатыр. Ауруханаға барсақ, кезек күтіп жарты күнімізді жоғалтатын едік. Мұнда бәрі тез.


Қазақстан-Ресей медицина университетінің дәрігерлері келесі кезекте Қостанай және Батыс Қазақстанның облыстарына барады