Елімізде алапат тасқыннан зардап шеккендерге түрлі ұйымдар ДА барынша көмек қолын созып жатыр. Бірлік пен береке танытқан ұлттың алмайтын қамалы жоқ. Петропавлға жан-жақтан келіп жатқан көмек легі толастар емес. Бұл жолы өңірге Olimpbet компаниясының және Байтақ партиясының атынан гуманитарлық жүк келді. Оның ішінде азық-түлік, тұрмыстық техника, гигиеналық құралдар мен тағы басқа қажетті заттар бар.


Халыққа қажетті тұрмыстық заттардың тізімін жасап, оларды жинауға Байтақ жасылдар партиясы да үлес қосты. Алматы қаласынан көмекке келген ұйымның бастамасымен 19 сәуір күні Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарына 5 камазға тиелген гуманитарлық көмек жіберілді. Оның ішінде азық-түліктен бастап, балаларға арналған заттар мен газ плиталары, тіпті резеңке етікке дейін бар. Барлығы 150 түрлі тауардан тұратын 20 тонна болатын гуманитарлық жүк қабылдау орындарына жетті. Енді тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға теңдей таратылмақ.


НАУРЫЗБЕК ҚҰЛМҰҚАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ СҚО БОЙЫНША ТӨРАҒАСЫ:

- Бүгінгі таңда біздің партияда су басқан өңірлерге көмек көрсететін штаб құрылды. 01:07 Өз тарапымыздан 90 млн теңге қаражат жинап, көмектестік. Күнделікті қолданылатын заттар, азық-түлік, су сорғыш, помпалар секілді көптеген заттарды өңір-өңірлдерге жеткіздік.


Зардап шеккендерге жеке тұлғалар мен бизнес өкілдері де жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.


ЛЕВ МАМБЕТОВ, «OLIMPBET» КОМПАНИЯСЫНЫҢ СЕРІКТЕСІ:

- Дәл қазір Алматыдан келген гуманитарлық жүкті қабылдап жатырмыз. Бұл OLIMPBET-тің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жөнелткен көмегінің басы ғана. Менің ойымша, ел басына күн туғанда сен ірі компаниясың ба, әлде қарапайым тұрғынсың ба, маңызды емес - күш-жігерімізді біріктіріп, бірге әрекет етуіміз керек. Көмекке мұқтаждарды барлық қажетті заттармен қамтамасыз етуіміз қажет. Біз бергеміз!


«Байтақ» партиясының өкілдері жеткізілген гуманитарлық көмектің мұқтаж жандарға кедергісіз жетуін бақылауға алмақ.