9 сәуір күні Есіл өзені суының күрт көтеріліп, тасуына байланысты Покровка елді мекенінің маңында Жеқазған-Петропавл тасжолының 872-ші шақырымын су басты. Тасқын су автожолды бұзып, 250 метрін шайып кеткен.


Қазіргі таңда, «ҚазАвтоЖол» мамандары бұл учаскені қалыпқа келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол үшін 5 мың тонна үлкен габаритті тастар дайындалған. Олар су шайған тас жол аумағына төселіп жатыр. Сонымен қатар бұл жерге диаметрі 1 метр болатын 3 темірбетонды су өткізгіш құбыр қойылмақ.. Бұл іске 56 техника жұмылдырылды. Мамандар жөндеу жұмыстарын осы аптада аяқтауды жоспарлап отыр.