ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Енді отбасындағы ұрып-соғу жағдайлары қылмыстық кодекспен қаралады. 16 жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық көрсеткендерді де бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Бұдан бөлек, педофилдер өмір бойына сотталады.


Әйелге қол көтергендер енді заңға сәйкес 80 АЕК айыппұл төлейді немесе 50 тәулікке түрмеге қамалады. Ал, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірген адамға 200 ЕАК айыппұл салу немесе 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, бұл заңда балалардың да құқығы жоғары деңгейде қорғалады.


ЖАНАТ ЖҰМАБАЕВ, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДІҢ СҚО БОЙЫНША ӨКІЛІ:

- Жаңа заң балаларды педофильдерден қорғайды. Енді, балаларды зорлағандар қмір бойына бас бостандығанан айрылады. 16 жасқа толмаған балаларға жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткендер 40 тәулікке қамауға алынады. Суицидке итермелегендер үшін де қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Сондай-ақ, заң бойынша құқық бұзушыға жәбірленушімен бірге тұруға тыйым салынған.