Өткен демалыс күндері «QYZYLJAR» ФК Қазақстан Чемпионатының кезекті турында шымкенттік Ордабасы командасымен сырт алаңда кездесіп, тең тарқасты.


Өткен маусымда чемпион атанған команда бірінші минуттан-ақ қызылжарлықтарды қыспаққа алды. Бірақ Бабаханов қорғаған қақпадан саңылау таба алмады. Жергілікті аяқдопшылар қорғаныста мінсіз ойнап шықты және 1 таймның соңына қарай жартылай қорғаушы Евгений Березкин бұрыштамадан қарсыластардың қақпасына гол салды.


2 тайм бастала сала Ордабасы шабуылды үдете түсті. Және 47 минутта жергілікті команда капитаны Асхат Тағыбергеннің гол соғатын керемет мүмкіндігі болды. Бірақ Қазақстан ұлттық құрамасының белді ойыншысы оңтайлы сәтті жіберіп алды. Тепкен доп қақпаның маңдайшасына тиді.


Бірақ көп ұзамай Ордабасы өз дегеніне жетті. Асхат Тағыбергеннің бұрыштамадан асырған добына бірінші болып қорғаушы Сергей Малый жетіп, есепті теңестірді.


Бұдан кейін матчтың соңғы минутына дейін есеп өзгеріссіз қалды. Ордабасы мен Қызылжар тең түсті. Қазіргі таңда, Али Алиев баптайтын жергілікті құрам жалпы кестеде 8 ұпаймен 2 орынға тұр.