Петропавлда барлығы 12 эвакуациялық пункт бар. Қоғамдық штаб мүшелері күн сайын барлық эвопункттерді аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда 5,5 мыңнан астам адамға көмек көрсетілген. Бұл туралы СҚО бойынша қоғамдық штаб мүшесі Айгүл Мұратова ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі алаңында» өткен брифингте айтты.


Қоғамдық штабтың құрамына депутаттар, партия өкілдері, жастар, дігн қызметкерлері, заң және қаржы саласының мамандары кіреді. Олар түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қана қоймай, тұрмысқа керекті заттарды жеткізеді.


АЙГҮЛ МҰРАТОВА, СҚО БОЙЫНША ҚОҒАМДЫҚ ШТАБ МҮШЕСІ:

- Штаб ақпараттық көмек берумен қатар гуманитарлық көмекті бөлуді және волонтерлік топтардың жұмысын үйлестірумен айналысады. Және әлеуметтік желілердің мониторингімен және су тасқыны салдарымен күресті жүрген белсенділерді анықтап жатыр. Зардап шеккен тұрғындарға сыртқа шығудың қажеті жоқ. Оларға штаб мүшелері барып, өздері түсіндіру шараларын жүргізіп, құжаттарды рәсімдеуге көмек береді. Жалпы,қазіргі таңда 900-ден астам кездесу өткізіліп,5,5 мыңнан астам адамға көмек көрсетілді. Штаб өз жұмысын белсенді одан әрі жалғастырады.