Бүгін сағат 17:00-ден бастап Петропавл – Жезқазған республикалық маңызы бар жолдың Южный бақылау-өткізу бекеті жанынан және Петропавл айналма жолынан шектеу алынып тасталды. Себебі, бұл учаскелерде су деңгейі төмендеген.


Естеріңізге сала кетейік, 14 сәуірде Есіл өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты республикалық маңызы бар «Жезқазған-Петропавл» және Петропавл айналма жолын тасқын су басқан еді.. Осыған байланысты бұл жолдармен жүруге көліктің барлық түріне шектеу қойылды. Қазіргі уақытта Жезқазған-Петропавл» тас жолының бойында су деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалады. Сол себепті, мұнда көлік қатынасы қалпына келтірілді.


ҚАНАТ ӨСЕРБАЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ СҚОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Бүгінде су деңгейі төмендеді. 300 метрге дейін жайылған. Тереңдігі 20-30 смге дейін түсті. Біз тәулік бойы штабтық режимде жұмыс істедік. Тұрғындар арнайы көлікпен келесі бетке тасымалданды. Сондай-ақ, жүк тиегіш пен кировец техникасымен жолда қалған көліктерді шығардық. Кей жолдардың шетін су шайып кеткен болатын. Соған байланысты қайта қалпына келтіру үшін 1000 тонна қиыршық тас дайындалды.