Облыста су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға біржолғы әлеуметтік төлем төлеу басталды. Оның мөлшері 100 АЕК-ті, яғни шамамен 360 мыңға жуық теңге. Бірреттік өтемақыны алуға тұрғындардан 2 күннің ішінде 1000-нан астам өтініш келіп түскен.


Әлеуметтік желілерде , тұрғындарға төленетін өтемақының мөлшері 200-АЕК-ден 100 АЕК-ге қысқарып кеткені туралы ақпарат тарап, түсініспеушілік пайда болған еді. Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев осы жағдайға байланысты түсініктеме берді.


СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- ТЖ жарияланған сәтте қалада мәслихаттың 100 АЕК төлеу туралы шешімі қолданылды. Иә, шынында да, қалалық мәслихаттың 8 сәуірде ашық дереккөздерде жарияланған шешімімен тұрғын үй иелері үшін біржолғы төлем сомасын 100-ден 200 АЕК-ке дейін ұлғайту көзделген. Бірақ бұл мәселе тек талқылау сатысында болды және заңды күшіне енбеді. ТЖ бұрын жарияланған болатын. Мен әлеуметтік желілерде тұрғындарды Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу мәселесі қызықтыратынын көрдім. Адамдар жалғыз баспанасынан айырылды. Менің ойымша, бұл кезеңде коммуналдық қызметтер үшін ақы алу орынсыз.