ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавлдың эвакуациялық пункттерін аралап, тұрғындармен тілдесті. Қазіргі уақытта облыс орталығында тасқын судан зардап шеккендер үшін жалпы 12 пункт жұмыс істеп жатыр.


Алдымен Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов қаладағы нөмір 4-ші орта мектебіне барды. Қазіргі уақытта бұл жерді Заречный, Тепличный мен былғары зауыты, Ойқала ықшам ауданынан келген 44 адам паналап отыр. Тұрғындар барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Оларға құқықтық кеңестер де тегін түрде көрсетіледі.


- Мы приняли. Из них в том числе по отсрочке кредитов. Банки работают с нами дают разъяснения

- Надо давать разъяснения. Люди в такой ситуации, надо помогать, разъяснения давать.


Қазір үйлері су астында қалған тұрғындар алаңдаулы. Барлығының көкейіндегі сұрақ саяжай тұрғындарына шығын өтеледі ме?


ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Ешкім назардан тыс қалмайды. Осы бір жолғы берілетін 100 АЕК көрсеткіш саяжай тұрғындары үшін берілетін болады. Егер сіздердің басқа тұратын жерлеріңіз жоқ болса міндетті түрде ол мәселені де шешемыз. Премьер-министрдің бізге берген тапсырмасы бар. Бүгін де осы сұраққа қатысты жиын өтті. Ал құжаттарға келетін болсақ, барлығын қайта жасап, рәсімдеулеріңіз керек болады.


Облыс орталығындағы нөмір 43-ші орта мектепте орналасқан эвакуациялау пункте қазір 31 адам тұрады. Олардың төртеуі кішкентай балалар. Тұрғындармен кездесу барысында Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов табиғи апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетілетінін айтты. Арнайы комиссия құрылып, шығындарды есептейді. Ал егер баспананы қайта қалпына келтіру мүмкін болмаса, жаңасы беріледі.


Роман Скляр мен Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының гуманитарлық-техникалық колледжінің жатақханасына да барды. Бұл эвакуациялық пункке Ойқала мен былғары зауытта үйлері тасқын суда қалған 39 адам орналастырылған. Олардың алтауы бала.


РОМАН СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

- Алдымен тұрғындарға пәтерлер ұсынамыз. Жаңадан салынып жатқан пәтерлер бар. Жақсы жиһаздалған үйлерді қарастырып көруге болады. Ал жер үйлерді Солнечный кентінен саламыз. Кәдімгі 80 шаршы метрлік баспаналар болады. Бірақ ол үшін 4-5 ай күтуге тура келеді.


Өңір басшысының айтуынша, су тасқынынан зардап шеккендерге біржолғы төлемге 403 миллион теңге бөлінген.