Бүгін «Түркі мемлекеттері мәдени мұрасының халықаралық қоры» Петропавлда су тасқынынан зардап шекен тұрғындарға 10 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Ол жерде азық түліктен басқа қазір халыққа ең қажет ауыз су, көрпе-жастық және басқа да тұрмысқа қажетті заттар бар.
Бұл гуманитарлық көмек 1 күнде жиналған. Заттарды түсіріп болғаннан кейін үйлерін су басып, қазір аудан орталықтарындағы, қаладағы эвакуациялық пунктті паналап отырған отбасыларға таратылатын болады.
СҰЛТАН ИСМАИЛОВ, «ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОРЫ» ӨКІЛІ:
- Қиындықтар болды себебі Астана қаласының өзінен яғни базарлардан көп товарларды алып кеткен. Біз где-то 50 лодка аламыз дедік бірақ бары қанша болды сонша алдық. Біз ойлағандай болмады. 50лодка,100ге жуық етік аламыз ба деп ойлаған болатынбыз белге дейін. Сосын қанша бар соның барлығын алып келдік. Негізінде 1фура емес 2 фура зат әкелеміз деп пландаған болатынбыз. Бірақ сол барлық болған затттардан 1 фура 10 тонна зат шықты.
Келген жүкті Аманат партиясының өкілдері, волонтерлер, тұрғындар - барлығы жұмылып түсіріп алды. Кейін мұқтаждарға тарататын болады.
БОЛАТ ДАНИЯРОВ, «АМАНАТ» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Шығыс Қазақстан Алматы Астана Қызылордадан міне Халықаралық қорданда келіп жатыр. Елдің көмегіне мыңда бір рахмет. Енді мына тарату жағына келсек мына жерде барлығын қабылдап, гуманитарлық көмекті бөлетін жерлер бар соларға таратамыз.
Қазір су тасқынынан зардап шекеендерге көмегін аямай қол ұшын беріп, тегін азық-түлік таратып жатқан адамдар да баршылық. Солардың бірі Тайынша қаласынан арнайы келген Асет Жарқынбаев пен Дастан Убаев. Осы қиын жағдай басталғалы бері 2-ші рет қалаға келіп, тұрғындарға керекті заттарды таратып жатыр.
ӘСЕТ ЖАРҚЫНБАЕВ, ТАЙЫНША ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
-Тайынша қаласынан келіп тұрмыз. Тайынша ауданының әкімдігінің, тұрғындарының атынан. Петропавлдағы азаматтарға, халқымызға көмек қолын созайық деп келдік. Адамдардың қолдарына заттарды беріп жатырмыз, 3 жарым тонна жүк. Азық түлік, су, киім кешектер. Әскери қызметшілерге жол жөнекей тастап кеттік көбін».
Қазір облысқа жан-жақтан гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр. Мамндардың айтуынша, көмекке мұқтаж жандардың ешқайсы ұмыт қалмайды.
Дариға Қуаныш