Өңірге Павлодар облысынан 40 тонна гуманитарлық көмек жекізілді. Ол 3 күннің ішінде жиналған. Қазіргі таңда Петропавлда гуманитарлық көмекті қабылдайтын 4 пункт орналасқан.


Азық-түлік, киім-кешек, ауыз су, моторлы қайықтар мен күрек және тағы басқа керекті заттар. Бұл үш күн ішінде Көрші облыстың жомарт жандары жинаған 40 тонна гуманитарлық көмек. Сонымен қатар өңірге Павлодарлық 40 шақты волонтер келген. Еріктілер қазіргі таңда Бескөл ауылында орналасқан.


АМАНГЕЛДІ МАХАМБЕТ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:

- Оның ішінде картоп, пияз, сәбіз, одан басқа моторлы қайықтар, күрек, арба сияқты заттар әкелдік. Оған қоса бір автобус пен 40 шақты еріктілер келді. Олар Бескөл аулылында бөгет тұрғызуға кірісіп кетті.Олар сол жердегі үшінші мектепке орналастырылды, аудан әкімі қолдау көрсетуде. 


Су тасқыны басталғалы бері өңірімізге гуманптарлық көмек тиелген 7 фура, 33 Газель және 40 минивен көлігі келген.


ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ,СҚО ҚХА КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ең бірінші гуманитарлық көмек жергілікті кәсіпкерлерден келе бастады. Қазіргі таңда керекті заттардың барлығы жиналды. Оларды эвакуациялық орталықтарға жіберіп отырамыз. Бізде арнайы база жасалған, ол жерде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың тізімі бар. Сол арқылы біз гуманитарлық көмекті бөлетін боламыз Біз бұл келіп жатқан заттарды аудандарға да жөнелтеміз. Кеше ғана Қызылжар ауданына гуманитарлық көмек жібердік. 


Айта кетейік, өңірімізге Павлодар облысынан жақын күндері тағы да гуманитарлық көмек келеді деп жоспарланған.