Облыста су тасқыны басталғалы бері екі мыңнан астам үй су астында қалды. Петропавл ауыр машина жасау зауыты су басқан аумақта қалған адамдарды, мародерлерді үй жануарларын анықтау үшін дронмен қамтамасыз етті. Нәтижесінде осы құрал арқылы дрон арқылы құтқарушылар 15 адамды аман алып қалды.


Бүгінде Петропавл ауыр машина жасау зауыты әртүрлі модельдегі 4 дронды қолданысқа берген. Оның көмегімен тжд мен полиция қызметкерлері Заречный кентінен суда қалған 15 адамды тауып құтқарған.


АНТОН ПОЛУЯН, «ПЕТРОПАВЛ АУЫР МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫ» АҚ МАМАНЫ:

- Біз суға кеткен жерлерді дронмен видеоға түсіреміз. Кейін сол видео арқылы барлық керек мәліметті ала аламыз. Сонымен қатар бұл дрон 5 келі салмақта жүк көтере алады. Түнде қараңғыда айналаны жақсы көрсетеді. Мысалға осы дрон арқылы Заречный кентінен 15 адам табылды.