Петропавлда 1105 тұрғын үй су астында қалды. Тасқын су Заречный кенті, Былғары зауыт, Ойқала, Куйбышев аудандарын және Борки кентін басты. Қазір бұл елді мекендерде полиция мен құтқарушылар кезекшілік атқарып жатыр


Петропавлдағы 3 шағын ауданды су басты. Ойқала ауданы, Заречный кенті мен Хром зауытқа қарай көлік қатынасы тоқтаған. Қазіргі таңда қалалық және облыстық полиция департаментінің жеке құрамы, әскерилер, тжд барлығы күндіз түні жұмыс істеп, адамдарды эвакуациялауда.


МАРАТ ЖҰМАЛИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

- Судың деңгейі ақырындап көтеріліп келеді. Қауіп әрине бар. Көпір бойындағы Потанин көшесіндегі судың ағысы қатты. Бүгін таңғы сағат 5 тен бастап суда қалған үй жануарларды құтқару жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта су астында қалған үйлерді айтатын болсам. Заречный кенті суға кетті, Хром зауыт 1384 тұрғын бар оның 1340 адамы эвакукацияланды.


Ойқала ықшам ауданы кеше су астында қалды. Бірақ полиция қызметкерлері барлық тұрғындарды дер кезінде үйлерінен шығарып қауіпсіз жерге көшірген.


ЖАНГЕЛДІ АПЕНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

- Кеше кештен бастап Подгора аумағын су басып кетті. Сондықтан үйлерінде қалып қойған адамды құтқарып жатырмыз. Өзіміз судың ішінде жүрсек те. Бүгін таңнан бастап Подгора аумағында адамдар үйлерінде қалмады деп айта аламын. Қазіргі уақытта чс-пен бірге қалып кеткен жануарларды шығарып жатырмыз. Тағы да бір факты бөтен адамдар жүрмес үшін блок посттар қойып Подгораның аумағына ешкімді кіргізбей жатырмыз. Яғни ұрлық, тонау болмас үшін.


Ойқала ықшам ауданындағы көпір жабық болғандықтан көліктер Новакаменка ауылы арқылы өтіп Бескөл ауылымен қалаға кіре алады.


Дариға Қуаныш