1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанған. Тарихта Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері болып қалды. С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада "Мен ғарышты суреттеймін" атты балалар сурет байқауының қорытындысы шығарылды. Жалпы байқауға өңірден 180 оқушы қатысқан. Марапаттау рәсіміне барып келген


Бүгінгі шығармашылық байқау тұңғыш ғарышкер – Юрий Гагариннің 90 жылдығына арналған. қазылар алқасы үшін жүйріктерді анықтау қиынға соққан. Себебі, балалар салған картиналардың барлығы дерлік жүлделі орынға лайық. Топтың арасынан суырылып оза шыққан оқушылардың туындылары кітапхана дәлізінде көрмеге қойылған.


НАТАЛЬЯ ЧУРЯК, С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ӘМБЕБАП КІТАПХАНА БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

 - Бүгін тек суреттер көрмесі ғана емес, кітаптар көрмесі де ұйымдастырылды. Яғни, Юрий Гагариннің еңбек жолы туралы кітаптарды және де оның монографияларын орналастырдық.


Түстер үйлесімін тапқан картиналар акварель және гуашьпен аралас техникада салынған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау оқушылардың ой - өрісін дамыту мақсатында және кітапқа қызығушылықтарын арттыруға, Отанын, халқын сүйетін елжанды азамат тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған.


- Мен ғарыштың суретін салдым. Және онда күн мен айды, жұлдызды көргісі келген адамдармен бірге ғарыш кемесі де бар.

- Мен ғарыштағы ғарышкерді суреттедім. Ол жұлдыздармен бірге жарқырап көрініп тұрады.

- Мен күн жүйесін жақсы білемін. Күннен кейін бірінші – Меркурий, содан соң – Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун тұрады.


Жеңімпаздар арнайы диплом және кітапшалармен марапатталды.


АРУЖАН СӘКЕН