Өңірдің бас полицейі жеке құрамның Петропавлдың шеткі аудандарындағы және қала маңындағы су тасқынымен күреске дайындығын тексерді. облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің бейнематериалына назар аударайық.


Заречный кентін су басу қаупі артқандықтан, оның тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов түнгі кезекшілікке түсетін жеке құрамға заңдылықты бұзу фактілерін болдырмау жөнінде нұсқаулықтар берді.


- В случае, если вы встретите гражданского человека, необходимо его полностью проверить. Если у него при себе отсутствуют документы, необходимо доставить его в УП для проверки, для выяснения личности и для проверки, для какой цели он сюда приехал, в этот посёлок. И самое главное: мы не должны допустить человеческих жертв.


 Бұдан бөлек, облыстық полиция басшысы Заречный кентіне кіре берістегі бекеттердің жұмысын, сондай-ақ адамдар қалдырған саяжайлардың қалай күзетілетінін тексерді. Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.


Сәуірдің 12-сі күні таңертең полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов Петропавл қаласының Былғары зауыты кентіндегі, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарындағы жағдайды бақылап қайтты. Полицияның барлық қызметтері жергілікті атқарушы органдармен және төтенше жағдай қызметкерлерімен, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірге су тасқынына қарсы іс-шараларға барынша жұмылдырылған.