М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде химия ғылымдарының кандидаты, поофессор Марианна Лежневаның АТЫНДағы дәрісхана ашылды. Іс-шараға оқу орнының басшылығы мен профессордың туған-туыстары қатысты.


Марианна Лежнева білім саласына зор үлес қосқан. Бірге жұмыс істеген ұжымы көпшілкке үлгі болғанын атап өтті. Доцент Марианна Лежнева химия саласында ғана емес, биология мен ветеринарияда да бірқатар зерттеулер жүргізді. Бүгінгі іс-шараға ғалымның ұлы қатысты.


ЕЛИСЕЙ ЛЕЖНЕВ, М. ЛЕЖНЕВАНЫҢ ҰЛЫ:

- Бүгін университетте менің анам Марианна Лежневаның құрметіне орай дәрісхана ашылды. Анам білім саласына зор үлес қосқан профессор. Осы дәрісхана анам жұмыс істеп жүрген кездері үйіндей болды. Күндіз түні жұмыс істеді. Университетке және бірге істеген ұжымға анамның еңбегін елеп, еске алып жатқандарына алғысымды айтамын.