Тасқыннан зардап шегіп жатқан өңірлерге шығыстағы ел-жұрт көмек қолын созуға асық. Бүгін Өскемен қаласынан 19 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Жүк тиелген көлік кеше таңғы сағат 4 жолға шықты.


АЛМАГҮЛ ТАСТАНОВА, ТІЛШІ:

- «Жүректен жүрекке» акциясы аясында тасқын судан зардап шеккендерге Қазақстан бойынша 400 млн теңге жиналып, 390 тонна гуманитарлық көмек жеткізіліп жатыр. Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен достық үйінен 1 фура гуманитарлық көмек жеткізілді. Оның ішінде 1 тонна ұн, 100 литр сұйқы ма, гигиеналық заттар және өзге де тұрмысқа қажетті заттар бар. Қазір еріктілер мен студенттер жүктерді тасып, өз үлесін қосып жатыр.


Шығыстағы ағайын тасқын судан зардап шеккендерге қажетті заттарды 5 күннің ішінде жинаған. Оған Өскемендегі қоғамдық ұйымдар, жеке кәсіпкерлер және қарапайым тұрғындар ат салысты. Сондай-ақ зекет және қайырымдылық қоры 1,5 млн теңгені өңіріміздің бас иманына табыс етті. Қаражат мұқтаж жандарға үлестірілетін болады.


БЕРІК КӘДІРҰЛЫ , ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ШҚО БОЙЫНША ӨКІЛІ:

- Солтүстік Қазақстанға 19 тонна гуманитарлық көмек, оның ішінде жаңағы етіктер бар киімдер бар, азық түлік бар және дәрі-дәрмек, жинадық және 1,5 млн қаражат зекет және қайырымдылық қорынан жиналды. Шығыс қазақстан облысы осы солтүстіктегі бауырларымызға жағдайдың тезірек оңалып, жақсылық пен берекетте болуын тілейміз.


Қазақстан халқы ассамблеясы мен зекет және қайырымдылық қоры ұйымдастырған игі бастамаға студенттер, ауыл, аманат партияларының мүшелері және қаламыздың еріктілері қатысып жатыр. Жалпы алғанда 100 астам адам жұмылдырылған.


НҰРТАС НҰРМАҒАНБЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ДІН ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Бірінші кезекте су басқан жағдайы күрделі елді мекендердің тұрғындарына қажетті заттарды апарамыз. Жалпы зардап шеккендер діни мұсылмандар басқармасы мен қазақстан халқы ассамблеясының колл орталықтарына хабарласып, жауап ала алады. Арнайы мамандар міндетті түрде бағыт-бағдар беріп, мәселену шешуге көмектеседі.


Еріктілер барлық тауарды рет-ретімен жүк көліктеріне тиеп, орналастырып жатыр. Алғашқысы Бескөл аудылдық округіне жөнелтілді. Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Зекет және қайырымдылық қорына сондай-ақ қысылтаяң кезде қол ұшын созған Өскемендегі ағайынға алғыс білдіреді.


Алмагүл Тастанова