Петропавлда студенттердің қатысуымен «Атомдар әдемі орналасқан» атты квест-ойын өтті. Ашық аспан астындағы жиынды қоғамдық даму және ақпарат орталығының жастар бастамалары бөлімі мамандары мен жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып ұйымдастырған. Іс-шара барысында 30-дан астам қыз-жігіт 5 кезең бойынша өзара сайысқа түсті.


Ойын ережесі бойынша студенттер 3 топқа бөлінді. Қыз-жігіттер епектіліктерін, шапшаңдықтары мен логикалық ой-өрістерінің қаншалықты дамығанын көрсетті.Сондай-ақ квест барысында жастарға атом электр станциясының құрылыс бойынша өтетін алдағы референдум жайында ақпарат берілді.


ГҮЛБАҚЫТ БАЙБУСИНОВА, СҚО ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

- Әрбір кезеңнің өз сұрақтары мен тапсырмалары бар. Студенттер неғұрлым сұрақтардың жауабын тез тапса соғұрлым көп ұпай жинайды. Бұл шарапның негізгі мақсаты – жастардың экология жайлы ойлрын дамыту, энергияны үнемдеуге және энергиялық ресурстарды ұқыпты пайдалануға шақыру.


Бүгінгі квест-ойынына Петропавлдағы 3 білім ордасы - Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі, Солтүстік Қазақстан Университеті колледжі және Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің студенттері қатысты.


ВЛАДИМИР МУСИЕВСКИЙ, КВЕСТ ОЙЫНЫНА ҚАТЫСУШЫ:

- Мұндай жарыс түріндегі іс-шаралар жаңа таныстық орнатып, ашылуға өте пайдалы деп айтар едім. Сұрақтар арқылы бұрын-соңды хабарымыз болмаған дүниелерді білеміз. Біздің «Фукусима» деп аталатын топ 10 адамнан тұрады. Барынша белсенді болып, басқалардан озауға барымызды салып жатырмыз.


ІҢКӘР ҒАББАС, КВЕСТ ОЙЫНЫНА ҚАТЫСУШЫ:

- Біз «Атомдар әдемі орналасқан» атты квест-ойынына қатысып жатырмыз. Мен өз тобыминың жанкүйері ретінде келдім. Жиынға қуана-қуана келдік. Өзімізге ұнайды.


Ал іс-шара соңында студенттерге алғыс хаттар табысталады. Айта кетейік, мұндай жиындар күн ара ұйымдастырылмақ.