Аққайың ауданы Ленинское ауылында фермерлердің біліктілігін арттыруға арналған семинардың практикалық бөлімі өтті. Жеті елден келген мамандар мен жергілікті шаруа қожалықтарының басшылары, фермерлер мен ветеринарлар тәжірибе алмасу үшін «Шәймерденов» шаруа қожалығына барды. Іс-шараға барлығы 30-ға жуық адам қатысты.


Аққайың ауданындағы «Шәймерденов» шаруа қожалығында фермерлердің кезекті практикалық жиыны өтті. Бес жыл бұрын бой көтерген кәсіпкерлікте 1500-ге жуық ірі қара мал бар. Бір сиыр күніне 20 литрге жуық сүт береді.


ОЛЖАС ШӘЙМЕРДЕНОВ, «ШӘЙМЕРДЕНОВ» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

- Бүгін міне практикалық семинар бізде өтіп жатыр. Қуаныштымыз. Осылай әр ауданнан келіп үйретіп жатқанына. Біз өзіміз тәжірбие жинап жатырмыз. Бір бірімізге көмек ретінде жәрдем беріп жатыр. Жиі болып тұса кем болмайды.


Бүгінде кәсіпкерлік Дайындық және Ленинское ауылдарының тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр. Семинардың практикалық бөліміне жиналғандар шаруа қожалығын аралап, ондағы сауу бөлімінің жұмысымен танысты.


ВЛАДИМИР СЕМКЕ, СЕМИНАРҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Семинардың бүгінгі бөлімі көңілден шықты. Ферма біздің ауылдағыдай екен. Қызметкерлерге жақсы жағдай жасалғаны көрініп тұр. Құрал-жабдықтардың бәрі жаңа.


Семинар соңында фермерлерге сертификаттар табысталды.