Есіл өзенінің жағасында орналасқан Заречный кентіне ертеңдері су жетуі мүмкін. №13 орта мектеп ғимаратындағы эвакуациялық пункт аумағы жанынан кенттегі жағдайды аэровизуалды бақылау үшін дрондар ұшырылды.


Мамандарды дрондармен Петропавл ауыр машина жасау зауыты қамтамассыз етті. Тасқынның алдын алу жұмыстарына жалпы бұл кәсіпорыннан 200-ге жуық маман көмекке келген. Зауыт сондай-ақ құтқару кеудешелерімен және басқа да керек-жабдықтармен қамтамасыз етпек.