Облыста фермерлердің біліктілігін арттыруға арналған ғылыми-практикалық семинар өтіп жатыр. Оқу жиынына қатысуға ниет білдірген 20 адамға шетелдік мамандар дәріс оқымақ. Екінші ай қатарынан жалғасып жатқан іс-шарада 150-ге жуық маман өз біліктілігін арттырып үлгерген.


Семинардың бүгінгі оқу жиынында жергілікті фермерлерден бөлек Белорусь, Болгария, Венгрия, Ресей және Ұлыбритания мамандары бас қосты. Ірі қара малдың сүт өнімділігін арттыру, ветеринария саласын дамыту бағытында бірнеше баяндама оқылды.


ДИМЧО ДЖУВИНОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САРАПШЫ:

- 20 жыл ауыл шаруашылығы малдарын азықтандыру бойынша университетте дәріс оқыдым. 18 жыл компанияда қызмет етіп келе жатырмын. Бүгін әріптестерімізбен Еуропада жинаған біліммен бөлісіп, жағдайды кеңінен талқылаймыз. Жоғары және төмен температураның сүт өнімділігіне әсері, сүтті сиырларды азықтандыру процессі сынды мәселелер көтеріледі.


ЕВГЕНИЙ РЯПИСОВ, «ВИК» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫНЫҢ АЙМАҚ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

- Ресейлік «Торговый дом ВИК» компаниясының атынан келіп отырмын. «ВИК» – ТМД бойынша ветеринариялық препараттарды өндіретін жетекші компаниялардың бірі. Әлем бойынша 21 орындамыз. Бүгін ветеринар дәрігеріміз мал шаруашылығы саласындағы өте өзекті мәселелердің бірі – сүт безінің қабынуы туралы тың ақпаратпен бөліседі. Сондай-ақ, бұзаулардағы кокцидиоз ауырымен күресу жолдарын атап өтеді.


Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты өткізіп жатқан семинарға 148 фермер қатысып үлгерді. Жыл соңына дейін 300 маманды қамту жоспарланған.


АЛТЫНБЕК АБДУЛЛАЕВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

- Франциядан екі лекторды күтіп отырмыз. Енді бүгінгі сабағымыздың негізгі тақырыптары, әсіресе мынау сүтті, етті бағыттағы мал шаруашылығында қара малдағы ветеринарлық жұмыстар. Соның ішінде паразитология жайында әңгіме болады, сонда талқылаймыз.


Семинардың кезекті практикалық бөлімі ертең Дайындық ауылында өтеді. Франциядан келетін білікті мамандар өз тәжірбиелерімен бөліседі.