Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері облыстық ТЖД, жергілікті атқарушы органдар апаттық жағдайдың алдын-алу жұмыстарына кіріскен. Алыс-жақын елді мекендердегі көшелер мен аулалардан 35 мың текше метрге жуық су сорылды. 3 мың 600 метр арық тазартылды. Сондай-ақ, 2700 метр канал кеңейтіліп, тереңдетілді.


Дегенмен өңірде 15 автожолды су басқан. Оның екеуі облыстық, ал он үші аудандық маңызы бар жол. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері су шайған жол учаскелеріндегі жағдайды өз бақылауына алды. Тайынша, Тимирязев, Ғ.Мүсірепов, Уәлиханов және Айыртау аудандарында өңірдің және Түркістан облысының ТЖД-нен 114 адам мен 7 техника жұмыс істеп жатыр. Су басу қаупі жоғары аймақтарда инертті материал салынған 900-ден астам қап дайындалды. 350 метр бөгет нығайтылды. Облыс орталығында және аудандарда құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.