7 сәуір - дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. Осы күнге орай Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада көрме ұйымдастырылды. Оқырмандар мұнда денсаулыққа қатысты отандық және шетелдік әдебиеттермен таныса алады. Жалпы көрмеде 60 астам танымдық журналдар мен кітаптар ұсынылған. Кітапхана қызметкерлері мұндай еңбектерге сұраныстың жоғары екенін айтады.


НАТАЛЬЯ ЧУРЯК, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОҒӘК БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

- Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай іс-шараларды жыл сайын ұйымдастырып тұрамыз. Биыл оқырмандарға көрме ұсындық. Денсаулыққа байланысты әдебиеттердің түр түрі бар. Яғни, баланың дүниеге келгенінен бастап, кәрілік кезеңге дейінгі денсаулық күтімі бойынша ақпарат ала алады. Көрме сәуір айының 8 дейін жалғасады.