Синоптиктер сәуір айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазгидромет мамандары сәуір айында орташа ауа температурасы 4-5 градус жылы болады деп болжап отыр. Алғашқы онкүндікте түнде үш градусқа, күндіз 8 градусқа дейін жылынбақ. Сондай-ақ ай бойы жауын-шашын көбірек жаууы мүмкін.


Синоптиктердің болжамынша, облыстың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 11 градустан 10-15 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін. Ал екінші онкүндіктің басында күн суытып, түнде -5, күндіз -7 градусқа дейін сынап бағанасы төмендейді. Үшінші онкүндікте күн қайта жылынбақ.


ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ МЕТЕОБОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

- Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде 0-5 градус аяздан 6-11 градус жылыға дейін, күндіз 6-11 градус жылыдан 16-21 градус жылыға дейін біртіндеп жоғарылауы болжанады.


Сонымен қатар жауын-шашынның айлық мөлшері облыстың басым бөлігінде норма шамасында, яғни 19-20 мм-ден астам жауын-шашын түспек.


ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК СҚОФ МЕТЕОБОЛЖАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ай бойы жауын-шашын жиі болады деп күтілуде. Айдың бірінші жартысында аралас жауын-шашын (қардың жаңбырға айналуы), екінші жартысында жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі.


Синоптиктер сәуір айында ауа-райы тұрақсыз болады дейді. Сонымен қатар желдің күшеюі байқалады. Оның екпіні кей тұста 15-20 м/с-ке дейін жетпек.