2 Cәуір Аутизм проблемасы жайлы ақпарат таратудың дүниежүзілік күні. Осыған орай бүгін «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығы инклюзивті спартакиада өткізді. Бұл орталық өңірде 2019 жылы ашылған. Осы уақыт ішінде оның көмегіне бір мың солтүстікқазақстандық отбасы жүгінді.


«Разные Равные» осындай атаумен Тениис орталығында аутизмі бар балаларға арналған спартакиада өтті. Басты мақсат- ерекше балалар мен олардың ата-аналары арасында саламатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа 18 бала қатысты. Оларды қолдауға ата-аналары да келді. Солардың бірі - Ирина Симонова. Оның 6 жасар қызымен «Асыл Мирас» аутизмі бар балаларды қолдау орталығына келіп жүргеніне 3 жыл болған. Айтуынша, бұл олардың алғашқы спартакиадасы.


ИРИНА СИМОНОВА, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ:

- Асыл Мирас орталығы ашылған кезден бастап қызым екеуіміз осында келе бастадық. Бізге барлығы ұнайды. Бүгінгі спартакиада да көңілден шықты. Қызыма біз екеуіміз команда болып ойнаған ойындар ұнайды. Сондай ақ қызым, сурет салуға қызығады. 


Мұндай спорттық іс-шара өңірде алғаш рет өткізіліп отыр.


НАЗГҮЛ ТОРТУЛОВА, «АСЫЛ МИРАС» АУТИЗМІ БАР БАЛАЛАРДЫ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Асыл Мирас орталығы Болат Өтемұратов қорының қолдауымен Қазақстанның 12 қаласында жұмыс істейді. Жалпы 2023 жылы біздің орталықтан 3400 бала диагностикадан өтіп, білім алды.


Спартакиаданың қорытындысы бойынша балалар грамоталар мен медальдармен марапаттталды.