24-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында волейболдан ерлер командалары ұлттық 1 Х bet лигасы арасындағы ХХХII ҚР чемпионатының плей офф ойындары өтті. Жарыс қорытындысы бойынша Петропавлдың «Есіл СК» ВК чемпионаттың қола жүлдесін жеңіп алды. Үшінші орын үшін таласта жерлес волейболшылар Атыраулық командамен екі ойын өткізіп, нәтижесінде жеңіс тұғырынан көрінді. Жалпы «Есіл СК» биылғы маусымды сәтті аяқтады. Команда қоржынында ҚР кубогы мен суперкубогының 2 күміс және Ұлттық лига чемпионатының қола жүлдесі бар.