Өңірдегі 12 жол учаскесін су басты. Олардың 4 -нің республикалық маңызы бар. Ал қалған 8-і аудандық және облыстық маңызға ие. Күннің суытуы қардың қарқынды еруін тоқтатты, сол себепті ахуал тұрақты. Бұл туралы брифингте СҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов айтты.


Бүгінгі таңда облыста тұрғындарының саны 5 мың болатын 87 елді мекенді су басу қаупі бар. Су тасқынының алдын алу үшін облыстан 1 млн 900 мың текше метр қар шығарылды. Сонымен қатар, бүгін облысқа су тасқынымен күресу үшін Түркістан облысынан арнайы 54 құтқарушы мен 12 техника келуі керек. Олар өңіріміздің 5 ауданына жұмылдырылатын болады. Брифинг барысында Мұрат Қанғожинов Тайынша ауданындағы ахуалды да баяндап берді. Ақмола облысынан судың бір бөлігі біздің өңірге жіберілді. Тайынша қаласының шеткері көшелеріне су кірмеуі үшін арнайы қызметтер түні бойы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта су деңгейі түскен.


МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Ақжар ауданында 4 елді мекенді су басу қаупі бар. Бұл Құлыкөл, Дәуіт, Лининградское және Ашыкөл ауылдары. Қазіргі таңда Құлыкөлдегі қауіп біршама сейілді. Біз кеше ғана ол жерде мұз жару жұмыстарын жүргіздік. Ал Ашыкөлді ағын су басу қаупі бар, қазір арнайы топ ол жерде мониторинг жүргізуде.