Түркістан қаласында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында 32-ші Қазақстан чемпионаты аяқталды. Нәтижесінде солтүстікқазақстандық «Қуаныш» волейбол клубының қыздары қола жүлдеге ие болды.


Чемпионат барысында «Қуаныш» волейбол клубы 7 кездесу өткізді. Оның 3еуінде жеңілсе, қалған 4 кездесуді жеңіспен аяқтаған. Осылайша өткен жылы күміс жүлдегер атанған «Қуаныш» биыл бір саты төмендеп, үздік үштікті түйіндеді.


 ДМИТРИЙ ЖУРАВЛЕВ, «ҚУАНЫШ» ВК АҒА БАПКЕРІ:

- Маусым тез өтіп кетті. Біз үшін күтпеген жағдайлардың бірі - ел кубогын жеңуіміз. Бірақ ойын болғаннан кейін жеңіліс бірге жүреді. Ойындар қатарынан өткендіктен физикалық стресске төтеп беру қиын. Кейде тіпті қыздар үшін психологиялық тұрғыданда ауыр ойын болады. Суперкубок үшін ойнаған кезде алматылықтардан 2:3 есебімен жеңіліп қалдық. Жалпы маусым біз үшін жеңіске толы өтті.