Солтүстік Қазақстан облысында нарықта сұранысқа ие өнім шығарып, заман талабына сай дамып жатқан кәсіпорындар саны артып келеді. Елдің дамуына сүбелі үлес қосып жатқан өндіріс орындарында облысқа жұмыс сапарымен келген Премьер-Министр болды.


Петропавлдағы Киров атындағы зауыттың бір ғасырға жуық тарихы бар. Кәсіпорын былтыр өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өтті. Зауыт арнайы байланыс құралдары мен цифрлық теледидар, теміржол автоматикасын, телемеханика мен қауіпсіздік жүйелерін шығарады. Қазір кәсіпорын жаңа жобаны қолға алып, электромобильдер үшін қуаттау құрылғысын өндіруде.


- За 15 минут заряжается до 80 процентов батарея электрического автомобиля. И если этот проект у нас нормально себя покажет, тогда мы позволим еще загрузку увеличить по этому предприятию именно в рамках вот этой гражданской продукции.


Елдің дамуына үлес қосып жатқан кәсіпорын бүгінде Қытайдағы ең ірі компьютерлік компания «Lenovo»-ның техникасын шығаруда.


АЛМАС НҰРМАҒАМБЕТОВ, «С.М.КИРОВ АТЫНДАҒЫ ЗАУЫТ» АҚ БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Компьютерлік техникамен бәсекелесу қиын, бірақ біз тырысудамыз. «Lenovo» серверіне индустриялық сертификат алдық. Енді біздің зауытта да жиналады. Өткен жылы күштік құрылымдарға біз 4 мыңға жуық компьютер саттық. Сондай-ақ, күштік құрылымдарға арналған арнайы құрылғылар шығарамыз. Қазір компаниялармен бірге бейнеаналитика жүйесін қолданамыз. Біздің жеке компанияларымызды қолдаймыз. Осы бағытта қарқынды жұмыс жүргізудеміз.


Премьер-Министр «РимКазАгро» компаниясының қағаз өнімдері фабрикасын да аралады. Кәсіпорын жылына 5 мың тонна өнім шығарады. Өндірістің ерекшелігі- қайталама шикізат қайта өңдеуден өтеді. Компания Қазақстандағы санитарлық-гигиеналық мақсаттағы қағаздың толық циклін өндірудегі көшбасшылардың бірі болып табылады.


ДӘУРЕН ҚАТРАНОВ, «РАДУГА» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

- Премьер-Министрдің сапарына біз техноэкопарк кластерін құруда, яғни өндірістерімізді дамытуда компанияның даму жоспарларымен көрме дайындадық. Мысалы, осы фабриканы дамытудың келесі кезеңі өндірістік қуаттылықты 4 есе кеңейту болып табылады. Картон макулатурасы бар жаңа кластерлерді дамытамыз. Сондай-ақ, бұл кластерде пластмасса, жаңа форматтағы бұйымдар қайта өңделеді. Бұл автомобиль компоненттерінің үлкен көлемді пластикалық өнімдері, ауылшаруашылық техникасы, пластиктен жасалған контейнерлердің барлық түрлері.


«SMB GROUP Family» серіктестігі полипропилен қапшықтары, жұмсақ контейнерлер мен биг-бег қaбын жасап шығарады. Нарықта сұранысқа ие тауардың өндірісі 2020 жылы бастау алған. Бүгінгі таңда кәсіпорын 250 адамды екі қолға бір күрекпен қамтып отыр. Айта кетерлігі, серіктестік өз мамандарын оқытумен айналысады. Кәсіпорын жұмысымен Олжас Бектенов танысып қайтты.


МҰҚАН СӘДУОВ, «SMB GROUP FAMILY» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:

- Біз мамандарды 3 айдан 6 айға дейін өзіміз оқытамыз. Кадрларды оқыту бойынша жұмыс жүріп жатыр. Біздің өнім шетелге де жіберіледі. Қазір жылына 4 млрд өнім жеткіземіз. Өнімдерге деген қажеттілік жыл сайын артып келеді. Сондықтан, 2023 жылы қуаттылығымызды арттыруға шешім қабылдап, жаңа цех салдық. Өнімді 120 тоннадан 480 тоннаға дейін арттырдық. Жаңа жабдықтар қойылды, штат саны артты.