27 наурыз - Халықаралық театр күні. Кәсіби мереке облыстық С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында да жоғары деңгейде аталып өтті. Көрермен назарына жуырда премьерасы болған түрік режиссері Kubilay Erdelikaraның «Сараң» атты қойылымы ұсынылды. Сондай-ақ, үздік әртістер мен қызметкерлер марапатқа ие болды.


2000 жылы ашылған С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында қазір барлығы 38 әртіс бар. Ал, бүгінде репертуарындағы спекакльдердің саны 60-қа жуық. Жалпы, өнер ордасы әрдайым қойылымдардың санын арттырып, тың туындылармен көрерменді қуантып отырады.


ОЛЖАС ЗЕЙНОЛЛА, ӘДЕБИЕТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Театр өте қызықты, біте қайнасып жатқан сала. Театр негізінен қазақтың төл өнері. Ұрпақтан ұрпаққа болып келе жатқан, дәріптейтін өнер. Сондықтан бұл күннің биік дәрежеде аталып өтілуі біз үшін өте маңызды. Жалпы, театр күнімен Қазақстанның барша театрларынан құттықтаймын. Алдағы жобаларға сәттілік тілеймін. Премьерелар көп болсын.


Көрермен назарына алдымен француз драматургі « Жан-Батист Мольердің пьесасына негізделген «Сараң» атты қойылым ұсынылды. Жалпы, мерекелік кешке келген театр сүйер қауымның қарасы қалың.


АЛУА КЕҢЕСБАЙ, КӨРЕРМЕН:

- Менің қазақ тілі және әдебиеті мамандығында оқимын. Әдебиет пен театр екеуі егіз ұғым секілді. Маған поэзия қалай ұнайтын болса, театр да дәл солай ұнайды. 1 курсқа түскеннен бастап ешқандай қойылымды қалдырған емеспін. Барша әртістертерді, театр сүйер қауым, театралдарды құттықтаймын. Шығармашылық табыс тілеймін. Өнер сүйетін көрермен әрдайым көбейе берсін.


Жалпы, С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында барлығы 90-ға жуық адам жұмыс істейді. Төл мерекеде актерлар мен қызметкерлердің еңбектері еленіп, ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің марапатына ие болды.