Лудомания енді медициналық аурулар тізіміне енді. Себебі, жыл санап елде ойынқұмарлыққа тәуелді жастардың саны артып келеді екен. Соның ішінде өңірімізде де лудомандар қатары көбеюде. Облыста психологтардың көмегіне жүгінетін адамдардың 70 пайызы дәл осы ойынқұмарлыққа тәуелді адамдар.Бұл аурудан қалай айығуға болады? Лудомандарға кім көмектесе алады? Арна тілшілері тарқатсын.


Өңір психологтарының мәліметінше ойынқұмарлыққа тәуелді жастардың көбі студенттер. Яғни, 20 -25 жас аралығындағы жастар. Облыста лудоманияға шалдыққан адамдардың саны жыл санап артып келеі. Оған себеп, қазіргі уақытта түрлі ойын апараттарымен мен қаржылық ұйымдардың барлығы қолжетімді.


ОЛЕГ МАТВЕЕВ, ПСИХОЛОГ:

- Жақында осы лудомания медициналық аурулар тізіміне енгізілді. Оны ойынқұмарлық, гемблинг деп те атайды. Жалпы облыста нақты статистика жүргізілмейді. Себебі, ондай ойын аппараттары тым көп. Бірақ маған көмекке жүгінетіндердің 60-70 пайызы дәл осы ойынқұмарлықтан арылғысы келетіндер.


Мамандардың сөзінше, лудоманиямен ауыратындардың алғашқы белгілерін анықтау қиын. Себебі, ол ішімдікке немесе нашақорлыққа тәуелділік сияқты емес. Балаларының ойынқұмарлыққа құныққанын отбасылары әбден қарызға батып, несиелерін төлей алмай жатқанда біліп жатады. Және олардың мінездері күннен күнге тұйықтала береді.


ОЛЕГ МАТВЕЕВ, ПСИХОЛОГ:

- Лудомания бұл психологиялық ауру.Мәселен, ішідікке немесе есірткіге тәуелді адамдарды көзінің қарашығынан, иістен, оның өзін ұстауынан біле аламыз. Жалпы кез-келген құмарлық аурулары емделеді. Мәселен, химиялық тәуелделіктен 3 кезең бойынша айығуға болады. Бірінші ол арнайы дәрілер беріп, екіншісі әлеуметтік бейімделу болса, үшіншісі психотерапия. Ал ойынқұмарларға алғашқы екі кезең керек емес.Олар бірден мамандардың көмегіне жүгініп, өзінде осы аурудан арылам деген ерік-жігер болуы қажет.


Алайда мұндай тәуелделіктерден арылуға арналған оңалту орталықтары әзірге тек Астана, Алматы мен Павлодар қалаларында бар.