Алматыда мейбукан годзю-рю каратэ-додан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Солтүстікқазақстаннан 10 жас спортшы қатысып, 20 медальмен оралды.


Чемпионат 22-24 наурыз аралығында өтті. Солтүстікқазақстандық спортшылар облыс намысын лайықты қорғады. Нәтижесінде қоржында 6 алтын, 4 күміс және 10 қола медаль бар.


ЕВГЕНИЙ МАКСИМОВ, «МЕЙБУКАН ГОДЗЮ-РЮ КАРАТЕ- ДО ФЕДЕРАЦИЯСЫ» СҚОФ ДИРЕКТОРЫ:

Аударма/ «ел чемпионатына облыстан 10 спортшы қатысты. Олар жарыс барысында мейбукан кабудо, иригуми-дзю және иригуми-го бөліміндегі негізгі ката және кумите секілді әдіс-тәсілдерді көрсетті».


Облысымыздың мейбукан годзю-рю каратэ додан команда мүшелері түрлі республикалық және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпиондары мен жүлдегерлері. Алматыдағы жарыс оңай болған жоқ, дейді каратешілер. Десе де, спортшылар бар күш жігерлерін салып, спорттық додада қанжығаларын майлап қайтты.


ЕРНАР ЖЕЛДІБАЕВ, :

- Каратемен 4 жыл айналысамын. Қарсыластар кумитэ және шобу кумитэде өте мықты болды.

ИНСАР ЖӘНІБЕК, :

- Мен Алматыдағы чемпионаттан 3-ші орын алдым. Жарыс өте қатты ұнады. Қарсыластар өте жақсы дайындалған. Өзім 3 рет жекпе жекке шықтым.

КОНСТАНТИН ГОМЕРМАЙСТЕР, :

- Чемпионат жақсы өтті. Қарсыластарым осал болмады. Бірақ мен финалға жетіп жеңіске жеттім. Қазір 2 алтын және 1 қола медальмен елге келдім.


Спортшылар ел чемпионатынан келе сала алда өтетін жарыстарға дайындықты бастап кеткен. Олар мамыр айының басында Үндістанда өтетін Азия чемпионатында ел намысын қорғам