Петропавлда «IQanat» республикалық олимпиадасының екінші кезеңі басталды. Оған өңірдегі ауыл мектептерінен ең үздік деген 289 оқушысы қатысады. Ал Қазақстанның барлық өңірінен жалпы 10 мыңнан астам бала бақ сынамақ. Екі кезең қорытындысы бойынша ақтық сынға білім бәйгесінде оза шапқан мың бала өтетін болады.


Екінші кезең белгілі бір пәндерге бағытталған, яғни оқушылар математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және география пәндерінің бірі бойынша тестілеуден өтеді. Бұл тесттан сүрінбей өткендер ақтық сынға өтіп, IQanat грантына үміткер бола алады. Кейін «Лига плюща» яғни бүкіл әлемге танымал АҚШ-тағы ең беделді 8 университетке түсуге мүмкіндік болады.


ДИЛЯРА БЕКБОЛАТОВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

- Бүгінгі таңда біз ашылу салтанатын өткізіп жатырмыз. Біздің қонақтарамыз ретінде біз білім басқармасынан адамдар шақырдық сонымен қатар Айқанат қорытың жеңімпаздарын шақырып отырмыз. Балалар сол кісілердің сөздерін тыңдап мотивация алсын деген ниетпен шақырдық. Қазір ашылу салтанатынан кейін олимпиаданың екінші туры басталатын болады.


Олимпиаданың 2 ші кезеңіне өткен озат оқушылардың бірі – Мадина Ханафиева. Мадина бүгінгі сынға Бескөл ауылынан келген.


МӘДИНА ХАНАФИЕВА, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ:

- Мен осы 8-сыныпқа дейін Айқанат мектебі жайлы білмегенмін. Басқа адамдардың айтқаны бойынша бұл мектепте көптеген мүмкіндіктер болғандықтан бұл мектепке түсу менің арманым болды. Бірінші турда біз жай тест тапсырдық мен соған көп дайындалғандықтан мен екінші турға өте алдым. Екінші турды өткеннен кейін Бурабайдағы Айқанат мектебіне түсу деген арманым бар.


IQanat қоры ауыл балаларының әлемдік үздік білім ордаларында оқу ақысын ғана емес, сонымен қатар студенттердің бүкіл оқу кезеңінде тұруын, тамақтануын және жол жүруін қаржыландырады.