Петропавлда 24-25 наурыз күндері «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасы аясында киіз басу бойынша екі күндік шеберлік сабағы өтті. Ұлттық колөнерді дамыту мақсатында ұйымдастырылған іс-шараны облыстық Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырды. Шеберлік сағатына 12 қыз-келіншек қатысты. Олардың қолдарынан шыққан бұйымдар облыстық тарихи-өлкетану музейінде көрмеге қойылды.


Киіз басу-ықылым замамнан келе жатқан көркемдік құндылығы БАР ерекше қолөнер түрі. Осы орайда, шеберлік сағатына қатысқандар дымқыл киізді басу дағдылары мен әдістерін меңгерді. Сондай-ақ, ою-өрнек ойып, кесіп пішті. Қыз-келіншектерге ежелгі қолөнер шеберлігін қостанайлық «QOLONER» қоғамдық ұйымының жетекшісі Сәуле Қабидулова үйретті.


СӘУЛЕ ҚАБИДУЛОВА, «QOLONER» ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

- Мен Қостанай қаласынан келдім. Бізде қостанайда «Қолөнер» деген шеберханамыз бар. Біз киіз басумен айналысамыз. Текеметтер тоқимыз. Петропавлдағы мастер-классымыз жақсы өтті. 10 адам жиналды. Оларды осындай кереметтей бұйымдарды істеуге үйреттік.


Облыстық тарихи-өлкетану музейіне петропавлдық қолөнер шебері Күләш Татаеваның да өз қолымен жасаған бұйымы қойылды.


КҮЛӘШ ТАТАЕВА, ҚОЛӨНЕРШІ:

- Петропавл қаласында өзімнің жеке кәсіпкерлігім бар. Біз киізден аяқ киім істейміз. Сондықтан бұл курс маған қызық болды. Киіз Тараз қаласынан келген. Маринос қойының жүні. Бірінші осындай палатна істедік. Ал, мына ақ палатнанын бөлек істедік. Ал мына ою- «қаздың мойны» деп аталады. Солайша, осылай жұмыс істедік. 24-і бастаған жұмысымызды 25-і бітірдік.


Айта кетейік, Петропавлда киіз басудан шеберлік сағат алғаш рет ұйымдастырылды.