Биыл көп мөлшерде жауған қардың салдарынан үйлер мен көшелерге су кіруі мүмкін. Бұл жайында алдын ала ескерту үшін Петропавл қаласының төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері мен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері жадынамалар таратуда.


Жадынамада баспанаға су кірмеуі үшін қандай алдын алу шараларын қолдану қажеттігі жазылған. Қазіргі уақытта арнайы қызметтер көшелердегі су өткізгіш құбырлар мен суағарларды тазартып, қарларды шығарып жатыр. Бұған тұрғындар да атсалысуы қажет. Үй маңындағы, шатырдағы қарды уақытында өздері көшеге шығарған жағдайда су басу қаупі азаяды. Сондай-ақ суағарларға қоқыс та тастамаған жөн.


САЯН АХМЕТЖАНОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ ТЖБ БАС МАМАНЫ:

- «Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы жадынама таратып жүрген Подгара, Солнечный, Береке, Рабочий. Ең қауіпті су тасқыны болуы мүмкін ол Есіл өзенінің маңындағы Заречный. Бүгін жеке тұрғын үйлерде тұратын тұрғындарға жадынамалар таратып жүрміз. Ең бірінші өз ауласындағы қарды тазалап жолға шығару керек».