Қызылжар ауданы Бескөл ауылында мектепте жұмыс істейтін мұғалімдер өз ансамбльдерін құрған. «Бриз» вокалды-аспапты ансамблінің негізі қалғанына биыл 10 жылдан асты. Әрі мұғалім, әрі музыканттардың сахнаға дайындығын арна тілшілері көріп қайтты.


Гитарист, клавиатурашы және солист. Барлығы күндіз мектепте оқушыларға сабақ берсе, кешке студияға жиналып ән жазады. Ансамбль мүшелері гастрольдік сапарға шықпаса да, түрлі концерттерде жиі өнер көрсетіп жүр.


РУСЛАН РАСТЕНОВ, «БРИЗ» ВОКАЛДЫ-АСПАПТЫ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:

-  Бриз - бұл теңізден соққан жылы жел екенін барлығымыз білеміз. Біз өзіміз ойнайтын музыканы да шын жүректен, жеңіл, өзгелер тыңдағанға жағымды болсыншы деген оймен ансамбліміздің атын осылай қойдық.


Ансамбль мүшесі Ришат Шәріпов әкесінің жолын қуған. Ол қазір «Бриз» тобының барабаншысы.


РИШАТ ШӘРІПОВ , «БРИЗ» ВОКАЛДЫ-АСПАПТЫ АНСАМБЛІНІҢ МҮШЕСІ:

- Барабанды топтағы ең маңызды аспап деп айтуға болады.Музыкаға ырғақ беретін дәл осы құрал. Әндердегі ең қатты дыбысты да, ең ақырын дауысты да осы барабан арқылы шығарамыз.


Музыканттардың айтуынша, мамандықтары мұғалім болғандықтан олар концертте өнер көрсетер алдын еш уайымдамайды. Бірақ, олар үшін көрерменнің қошеметі маңызды. Халықтың ықыласы біздің ең басты марапатымыз дейді олар. 


Жансая Қайыпова