Ұлыстың ұлы күні Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласында да кең ауқымда тойланды. Мерекеге жиылған тұрғындар наурыз көже, құрт, бауырсақ сынды ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі төл ойындарды ойнауға мүмкіндік алды.


Ырыс пен ынтымақтың, береке мен бірліктің жаршысына айналған Ұлыстың ұлы күні­ – Наурыз мейрамын Мағжан Жұмабаев ауданы Булаев қаласының тұрғындары жыл сайын дүркіретіп атап өтеді. Бұл игі дәстүр осы жылы да қайталанып отыр. Мерекенің ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Омаров қатысып барлық аудан тұрғындарын мейраммен құттықтады.


ҚАЙРАТ ОМАРОВ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

- Баршаңызды ұлыстын ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Наурыз мерекесі Азияның көптеген халықтарының атап өтетін мерекесі. Бұл мейрам табиғаттың жаңаруы, жаңа жылдың бастауы, жаңа өмір. 13 күн ішінде біз Наурызды тойлаймыз және әр күннің өз атауы, анықтамасы және тарихы бар.


Орталық алаңға жиналған тұрғындардың бірі мерекелік дастарханнан дәм татса, енді бірі қазақ күресі, қол күрес, гір көтеру сынды спорт түрлерінен сайысқа қатысып өз күштерін сынап көрді. Солардың қатарында Мерген Нұрмаш бар. Ол қазақ күресінен екі белдесу өткізіп екеуінде де жеңіске жетті.


 МЕРГЕН НҰРМАШ, БУЛАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Мен күреспен айналысамын. 5 жыл қазақша күреске қатысып жүрмін. Өте қызық деп ойлаймын. Өйткені осы Булаев қаласы маған өте ұнайды. Барлық Солтүстікқазақстандықтарды наурыз мерекесімен құттықтаймын.


Ал мына бір алаңда қол өнер шеберлері өздерінің туындыларын халыққа көрсетуде. Солардың бірі Валерий Форш. Ол метал, ағаш , қағаз сынды материалдардан түрлі бұйымдар жасайды. Жақында халықаралық сайыста оның Абай Құнанбаевқа арнаған суреті бірінші орын алды.


ВАЛЕРИЙ ФОРШ, ҚОЛ ӨНЕР ШЕБЕРІ:

 - Мен әртүрлі стильде жұмыс істей мін. Мысалға мынау орта ғасырлық жауынгердің сауыты. Оны жасап шығаруға менің жарты жыл уақытым кетті. Ал бұл халықаралық сайыста бірінші орын алған Абай Құнанбаевтың суреті. Мен оны мазайка техникасы арқылы бисермен жасадым. 


Булаев қаласының орталық алаңында мерекелік атмосфера, тұрғындар бір-бірін берекелі Наурыз мейрамымен құттықтауда.


 - Ұлыстың ұлы күні биыл 10 күн тойланып жатыр мен оған қатты қуаныштымын. Себебі біздің жастарға ата-бабамыздан калған салт-дәстүрді ерекше дәріптеуге шақырамын.»

 - Құрметті аудан тұрғындары және барша қазақстандықтар бүгінгі міне өтіп жатқан Наурыз мерекесі құтты болсын.»

 - Біздің қазағымыздың мерекесі 22 наурыз құт береке берсін алып келсін халқымызға. Дами берейік, өркендей берейік. »

 - Мен Көкшетау қаласынан келіп отырмын қонаққа. Осы Булаев қаласында Наурыз мерекесі осындай деңгейде өтеді деп ойламаппын. Өте жақсы бәр»


Осылайша Булаев тұрғындары Наурыз мейрамын бар сән салтанатымен қарсы алып, ән тыңдап би билеп қайтты.