Қазақ сыйлы қонағына ет асады. Бүгін өзге этнос өкілдері ұлттық тағамнан дәм татып, шеберлік сағатқа қатысты. Іс-шара «Қазақ тану» жобасы аясында Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өтті.


Қазақтың дәстүрлі асханасы көшпелі мәдениет пен қонақжайлықтың тамаша көрінісі іспетті. Ұлттық тағамдардың бастауында тұрған еттің жайы бір бөлек. Оны ықылым заманнан бері қазақ сыйлы қонағына ұсынған. Бүгін этномәдени орталықтардың өкілдері мен мектеп оқушылары ет асудың тәртібімен танысып қайтты.


ӘНУАР ТОҚПАН, ОО «РУХ ТІЛ ЖАҢҒЫРУ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Өзге ұлттарға қалай қазақша ет асу, қалай құлағынан на жаю деген сияқты мастер класс көрсететін боламыз. Бұл іс-шара жылда өткізіледі. Былтырлары неміс ұлтының еврей ұлтының тағамдарын көрсететін болсақ, биыл нақты қазақтың қалай ету асу керектігін көрсететін боламыз.


Қазақ осы ашық-жарқын қабағы, Қонақ келсе шашылып бір қалады. Ұлттық тағамнан неміс, орыс, армян, шешен, украин, татар ұлтының өкілдері дәм татты. Дастарханның сәнін келтірген астан олардың біраз хабары да бар. Қазақтың дәстүрін жетік меңгеріп, біраз жылдан бері сыйлы қонағына ет асып жүрген қонағымызды сөзге тарттық.


ЛЮДМИЛА ГРИВЕННАЯ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

- Ет асқанда қазақтан кем аспаймын. Оның барлық салт жоралғысын, етті пісірудің әдебін әбден меңгеріп алғанмын. Қазақы ортада өскен соң кішкентай кезімнен білем. Үйге сыйлы қонақ келе қалса, оларға да ет асып беретінім бар.


 «Қымыз – қазақтың қаны, ет – қазақтың жаны». Ас мәзірінің негізгі тағамымен таныс болған 30-дан аса этнос өкілі астың шығу тарихынан да, оның түрлерінен де хабардар болды. Келесі жылы да игі бастама жалғасын таппақ.


Алмагүл Тастанова