Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Тайынша ауданында болды. Өңір басшысы білім, емдеу нысандарын аралап көріп, медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді.


Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданына жасаған сапарын Драгомиров орта мектебінен бастады. Ғимарат 1968 жылы салынған, осыдан 3 жыл бұрын апаттық деп танылыпты. Қауіпсіздік мақсатында үшінші тоқсанның басында 128 оқушы уақытша басқа нысанға көшірілген екен.


 «Сейчас перевели, чтобы они в две смены могли учиться. Конечно, это временное решение до того момента, когда построят школу».


Жарты ғасырлық тарихы бар мектептің төбесінде және қабырғасында кемшіліктер анықталыпты. Ал жаңа ғимараттың құрылысына 1,2 млрд теңге бөлінді.


 «Проект готов, конкурс был проведен, компания подрядчик есть». «А кто подрядчик?». «Зерттеу». «Это хорошо, наш подрядчик, наша компания». 


Жаңа ғимарат ескі мектептің аумағында бой көтереді. Мердігер құрылысты бір аптадан кейін бастайды. Компания өкілдерінің айтуынша, жұмыс бар болғаны бес айға созылады. Ескі нысанды әзірге қалдыру туралы шешім қабылданғанымен, әкімшілік оны кейін бұзуды жоспарлап отыр.


ҚАЙРОЛЛА ҒАЛЕЕВ, СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:

- Су мұнарасы, қазандық, футбол алаңы және көше тренажерлары салынады. Бұлардың барлығы байланыс мұнарасына қарама-қарсы жерде пайда болады. Оң өзгеріс күтіп отырмыз.


«Көкше Техстрой» зауыты 10 жылдан артық жұмыс істейді. Мұнда газға, сумен қамтуға арналан полиэтилен құбырлар, ал жылу желілері үшін болат құбырлар шығарады. Өндіріске қажет шикізат Новосібір және Қазан қалаларынан алынады.


АБЗАЛ САБЫРБАЕВ, «Көкше Техстрой» ЖШС директорының орынбасары:

-  Бұл құбырларды Шаңтөбеге жеткіземіз. Құбыр сумен жабдықтауға арналған. Кепілдік - 5 жыл, қызмет ету мерзімі - 50 жыл.


«Көкше Техстрой» поливинилхлоридтен есік-терезе де шығарады. Кәсіпорында 50 адам жұмыс істейді, орташа жалақы - 300 мың теңге. Ғауез Нұрмұхамбетов Тайынша ауданындағы сапарын жергілікті ауруханада жалғастырды. Бұл жерде 40 мыңға жуық адамға қызмет көрсетіледі.


МАҚСАТ ҚҰДРАТУЛЛАЕВ, Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасының директоры:

- Ауданымызда 62 дәрігер жұмыс істейді. Былтыр 9 маман келді. Қазіргі таңда кадр жетіспеушілігі 10 адамды құрап отыр.

Батыс Қазақстан облысынан анестезиолог-реаниматологты күтудеміз. Біздің көтермеақыға бір дәрігер көшіп келуге дайын. Өткен аптада онкологты қатарымызға қостық. Штатымызда 4 хирург бар. Біреуін оқуға жібердік. Ол келгесін лор дәрігері ретінде қызмет көрсетеді.


Қазір сәулелік диагностика дәрігері де біліктілігін арттыруда. Ауруханаға кардиолог, травматолог, акушер-гинеколог және 2 педиатр жетіспейді. Тілдесу барысында материалдық жабдықталу тұрғысында сөз қозғалды. Мұнда 211 миллион теңгеге заман игіліктері сатып алыныпты.


МАҚСАТ ҚҰДРАТУЛЛАЕВ, Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасының директоры:

-  2 стоматологиялық блок, босануға арналған функционалды кереуеттер, гидравликалық басқаруы бар гинекологиялық креслолар сатып алынды. Бізге стоматологиялық аппарат аса қажет болды. Өйткені, қазір тіс дәрігерлері рентгенсіз жұмыс істемейді. Заман игіліктерінің барлығын қостық. Жұмыс істеп тұр.


Ауруханадағы құрал-жабдықтардың 87 пайызы жаңа. Жыл сайынғы қаржыландырудың арқасында емдеу мекемесінің мүмкіндігі артты. Қазір мұнда мамандарға қажеттінің барлығы жасалады.


МАҚСАТ ҚҰДРАТУЛЛАЕВ, Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасының директоры:

- Все исследования, которые нужны, доктора не направляют пациентов ни в Кокшетау, ни в Петропавловск. Все можно проходить здесь.

Ғауез Нұрмұхамбетов жас мамандармен тілдесіп, қажырлы еңбектеріне табыс тіледі. Сондай-ақ, аймақ басшысы мемлекеттік қолдаудың арқасында жаңа кадрлар өңірде қалатынына сенім білдірді.


 Как уже сказал ваш руководитель, медицина - это одна из сфер, которая получает хорошие суммы пособий, одни из самых высоких. Самое главное, конечно, чтобы люди приезжали, молодежь обзаводилась семьями, оставалась. Для этого надо создавать условия.

Медицина қызметкерлерімен кездесу соңында Ғауез Нұрмұхамбетов дәрігерлерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады.