Православ сеніміндегі христиандарда қасиетті апта басталды. Бұл күндері дінге сенушілер құдайға сыйынып, шіркеуде мінәжат ету рәсіміне қатысып, 40 күн бойы ораза ұстайды.


Бұл күндері жануарлардан алынатын өнімдерді — ет, сүт, жұмыртқа, балық және өсімдік майын тұтынуға тыйым салынады. Бірақ, бастысы ауыз бекіту арқылы адам кінәдан тазаруы керек. Қайырымдылық жасап, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созу да – парыз.


 ВЛАДИМИР МИХЕЙКИН, ПЕТРОПАВЛ-БУЛАЕВ ЕПАРХИЯСЫНЫҢ ЕПИСКОПЫ:

Ауыз бекіткен жандардың дұғаларын қабыл етсін, жеңілінен берсін!. Алғашқы аптада ғана қиын болатыны сөзсіз. Сосын ораза ұстай келе жан мен тән тазарып, жақсылыққа бет бұрады.