Облыстық полиция департаменті Алматы академиясымен бірлесіп «Полициядағы бір күн» атты республикалық жобаны іске асырды. Іс-шара аясында жергілікті колледж және университет студенттері бір күнін полиция қызметкері ретінде өткізуге мүмкіндік алды. Экскурсияға 30-ға тарта білім алушы қатысты.


Мұндай республикалық жоба еліміздің түкпір-түкпірінде қолға алынған. Мәселен осыған дейін 7 өңірде, соның ішінде Маңғыстауда, Орал, Павлодар, Ақтебе қалаларында өткен. Мақсат: полиция қызметкерлерінің қиын жұмысымен жастарды таныстыру, құқықтық сауатылығын арттыру. Сондай-ақ, бұл болашақта полиция қызметкері боламын дейтін студенттер үшін ДЕ таптырмас мүмкіндік.


АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Арнайы бөлімшелеріміз бар. Олар бүгін кепілдікке алған азаматтарды босату және олардың алдарына қойған басқа да жұмыстарды көрсетіп, оларға түсіндіріп, барлығын айтамыз. Сонымен бірге біздің ПД қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі күрес туралы айтамыз.


Студенттер үш топқа бөлініп, үш бағытта тәжірбие жинайды. Болашақ мамандар криминалистердің, тергеушілердің, «102» және участкелік инстпекторлардың жұмысымен танысты.


 ЖАНСЕРІК САПАРОВ, М.ЕСБОЛАТОВ АТЫНДАҒЫ ҚР ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСТЫҒЫ:

- Жобаның міндеттері: құқық бұзушылықтың алдын алу. Полицияның жастармен өзара іс қимылы. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және белсенді азаматтық ұстаным мен патриотизмді қалыптастыру. Полиция қызметінің сервистік моделінің тұжырымдамасын көрсету. Жастардың әртүрлі төтенше жағдайларда аман қалу және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің практикалық дағдыларын дамыту.


 Республикалық жоба негізінде ұйымдастырылған іс-шараға қатысушылардың 30 пайызы - қыз. Солардың бірі - Жұлдыз Оразбаева. Студент қалалық бірінші полиция бөлімінде тәжірбиеден өтіп жатыр. Осындай мүмкіндікке ие болағанына қуанышты.


ЖҰЛДЫЗ ОРАЗБАЕВА, СТУДЕНТ:

- Қазіргі таңда денсаулығыма көңіл бөліп жүрмін. Себебі сәуір айында медициналық комиссиядан өтемін. Бізде үйде ағам осы салада қызмет атқарады. Өзі Қостанай академиясының түлегі. 2019 жылы бітірген. Менде соның артынан ергім келеді. Өзіме де жалпы ұнайды.


 Еске сала кетейік, бүгінде облыстық полиция департаментінде 7000-ға тарта маман жұмыс істейді. Алда департамент Алматы академиясымен жұмысын жалғстырмақ.


Айнұр Досан